Не говори мне о "любви"!


><

 

2011


 

«Жаным» – деме!

 «Жаным!» – деме! Мен біреуді «жан» дегем,
Жүрек жалғыз. Шындыққа бұл көнбегем,
Жоғалды «жан», жығылғанмен өлмедім,
Тек жүректің жасы болып тамды өлең,
«Жаным!» – деме! Мен біреуді «жан» дегем!

«Жаным!» – деме! Жарылқама жалған тек,
Құнсыздарға кеудем кеулеп толған кек,
Жаутаңдаған жанарымда жалын боп,
Жана алмасаң, жағаласпай әрман кет,
«Жаным!» – деме! Жарылқама жалған тек!

«Жаным!» – деме! Жынды үмітті жалғама,
Жаңғырмасын, жоғалсын бар наз-нала,
Жетім көңіл жырымдаған жүрегім,
Жер бетінен жұбын тапсын мәз бола,
«Жаным!» – деме! Жынды үмітті жалғама!

«Жаным!» – деме! Жылы үніңнен жасқанам,
Жаныңды ерте жаулап алған басқа адам,
Жұп біздер бірге жүрер жолдарды,
Тағдыр баста талқан етіп тастаған,
«Жаным!» – деме! Жақындауға жасқанам.

«Жаным!» – деме! Деме жақсы, жамансың,
Жылтыр сөзбен қай жыртықты жамарсың.
Жалқы мейлі жүз жыл жүрсем жүректі,
Жандыратын жалғыз жасын боларсың.
Сүйдім сені! Сен ерекше адамсың!

21 мамыр, 1994 жыл

(автор: Сарсенбекова Д.С)

 

Не говори мне о "любви"!

Не говори мне о любви! Как я сама кому-то говорила…
Скучает сердце, не признавая правды и мечты –
Оно привыкло! Умрет, и снова будет жить,
Лишь слезы строчками впитаются в листы…
Не говори мне о любви! Как я сама кому-то говорила…

Не говори мне о любви! Не притворяйся, будто любишь…
Я ненавижу солнечный закат и чувство пустоты,
Еще когда разжечь огнем не в силах мои сны…
Зачем ты нужен? К чему мне призрачность судьбы?
Не говори мне о любви! Не притворяйся, будто любишь…

Не говори мне о любви! И не питай меня надеждой…
Я позабуду грусть, чтоб было все не так как прежде
Я подниму с земли охрипшую, осипшую печаль,
Ее укутаю в сиротскую одежду, хоть мне и будет всего жаль…
Не говори мне о любви! И не питай меня надеждой…

Не говори мне о любви! Меня пугает сладкий голос…
Не говори! Молчи! Молчи! Его отдал ты пришлым людям.
На тех аллеях, где бродили мы – свидетелях судьбы,
Уже следы других счастливых пленных судеб.
Не говори мне о любви! Меня отныне нет, не будет …

Не говори мне о любви! Ты не герой и ты не мой …
И не пытайся все исправить прощальными поэмами о лжи,
Отныне я не верю в оправдания, наивные стихи…
Пусть одиночества мотив на век впитает мое сердце,
Я все равно - люблю тебя! И буду видеть твое Солнце…

2 сентября, 2011 год

 


 

Оставить комментарий
(нажмите)