Жаса, Қазағым!


><

 

2011


 

Жаса, Қазағым!

Жасасын менің Қазағым!
Жасасын Қазақтың баласы!
Қолына қылыш, семсер ұстаған
Киелі Абылайдың даласы!

Жауға көнбей шоқ болған
Ғаламның Отырардай бар ма қаласы?
Қазағымның жүрегіне әжім түсіп,
Жанары жасқа толып, әбден кетті мазасы.

Кеудеме сіңіп қара кек
Өшпей қалды Желтоқсанның жарасы
О, тоба! О, Құдірет!
Тәуелсіздік – дүлдүл елдің додасы!

Ұрпағым қайсар! Ұрпағым дара!
Деп қуансын Махамбеттің ой-сазы!
Жасасын Қазақ! Көкке қара!
Жасасын Ұлы Абайдың даласы!

Жаса Қазақ! Маңдайыңнан айналдым!
Аңқылдаған түркі елдің  баласы!
Жұрт! Саған айтам! Сенесің бе?
Қазекеме жетпейді еш ұлттың данасы!

Жаса Алаш! Жаса Орда!
Түзу болсын жастар санасы!
Жаса мәңгі! Жаса Қазақ!
Жаса Қазақтың қара баласы!


10 қараша, 2011 жыл

 


 

Оставить комментарий
(нажмите)