Бақытыңды бағала


Басты бет

 

Өлең жинағына оралу


 

Бақытыңды бағала.

Ұшқым келет қырандай көк аспанда
Қонғым келет махаббат көлі қайда
Мен жүрмін аспанада емес жерде де емес
Екі әлемнің ортасында қалған дай ма

Өмір өзен ағып жатқан арнасымен
Өмір қыйын өтіп жатқан уайыммен
Арман қыйал көк аспанда қалықтауда
Өзім келем армандаумен арманменен

Адамдар жүр тоймайтын жалаңдап бір
Алсам тағы көрсем тағы деп жалаңдап жүр
Сол жандардың ойларына таң қаламын
Қорықпайдау сол жандар құдай дан бір

Қанағат қайда тәуба қайда құдай берген
Бағалау қайда бақытыңды сыйлай берген
Неге адамдар түсінеді өз қатесін
Кеткен кезде сол бақыты шыдай күткен

Түсінеде айрылғанда сол бақыттан
Олар үшін өткен жол енді арман
Адамдарға қанағатты білу қыйын
Осыларды ойласам менде қорқам.

22-қыркүйек 2011жыл