Өскемен - арман қала


Басты бет

 

Өлең жинағына оралу


 

Өскемен арман қала

Бұл қала неткен қала арман қала
Қазақтың бой көтерген даласында
Алыстан қол бұлғайды келе жатсаң
Дегендей мен мындамын маған қара

Қазақтың шығысында орналасқан
Талай ақын жырға қосып атын жазған
Бұл қала әсем қала ару қала
Қарасам сымбатыңа көз тоймаған

Ертіс жатыр сызыла ағып сенде
Таңдана тұрмын қарап оған менде
О қала кереметсің шынында да
Арман ғой сені көру көрмегенге
 
Бас көтеріп қарасаң биік шыңға
Тарбағатай тауы тұр қарап мұнда
Биік таумен жараса бой көтеріп
Әсем үйлер салынып тұрғой мында

Самал желі сипайды маңдайыңнан
Күн сәулесі сүйердей таңдайыңнан
Түні сені тербетер әлдилетіп
Таң саулесі оятар сені ұйқыңнан

23 қаңтар 2012жыл