Күзді мен неге жақсы көрем


Басты бет

 

Өлең жинағына оралу


 

Күзді мен неге жақсы көрем

Күзді мен неге жақсы көрем.
Қоңыр күз деген атты берген.
Себебі мен күз айында,
Өзіңмен жаным танысқанем.

Күз айы неге ұнайды маған,
Әсем баққа мұң сыйлаған.
Күздің самал бір кешінде,
Өзіңе алғаш гүл сыйлағам.

Күзді мен неге жақсы көрем.
Бәріне күзді сүйем дегем,
Оның бір басты себебі ме,
Күз айында сен туылған ең.

Күзді мен неге ойлай берем.
Күз қашан енді келеді деумен,
Күз айында себебі мен,
Жүрекке алғаш жылу бергем.

11.11.2011жыл