Сену керек


Басты бет

 

Өлең жинағына оралу


 

Сену керек

Сену керек осылай боларына
Қайта келіп бақыт құстың қонарына
Адасып бұл өмірде жүргендердің
Махаббатын бұл өмірден табарына

Сену керек жақсылықтың боларына
Жамандықты жойып ол озарына
Арамдықпен атақ жинап жүргендердің
Бір күндері түзу жолда құларына

Сену керек қуаныштың боларына
Мұңлы болып өте бермес өмір мына
Жылап жатқан жаралы жүрегіңді
Жұбатушы асыл жанды табарына

Сену керек шындықтың туарына
Мықтылардың бір күндері құларына
Әлсіздерге қиындық көрсеткендер
Өздерінің алдарынан шығарына

Сену керек Алланың шын барына
Алланың қалағаны боларына
Алланың аялаған сүйген құлы
О дүниеде жұмақта жатарына.

23.11.2011 жыл