Поэзия Дархана Омарова


Главная  

Назад



Сағынышым

Сол  бір  кездер  кетер  емес  ойымнан,
Сағынышым  өшер  емес  бойымнан.
Сенсіз  жаным  қиын  екен  өмірде,
Қиялым ба  сол  ғажайып  тойынған.

Өзінді  аңсап  үміттенем  армандай,
Сенсіз  жарық  сөніп  мәңгі  қалғандай.
Нәзік  бейнең  көз  алдыма  елестеп,
Сағынышым  одан  әрі  жанғандай.

Есіңде ме  сол  бір  кездер  Аққуым
Сен  едің  ғой  өмірдегі  шаттығым,
Ақын  жігіт,  деп  мені  сен  қолдаушы  ең
Тілеуші  едің,  болсын  екен  ақтығым.

15.01.2005

 

Қыз    патшасы

 Сен  едің  қыз  патшасы  менің  көрген,
Сый  болмас  бұдан  артық  өмір  берген.
Жас  жүрек  ала  бұртып  шыдатпайтын,
Сүйгім  кеп  нарттай  қызыл  еріндерден.

Табылып  дертке  дауа  есім  кеткен,
Жарқ  етсең  арылдым  мың  қасіреттен.
Жер  шары  көз  алдымда  мың  айналды,
Сүйгендей  елтіп-балқып  екі  беттен.

Киіктей  тал  түбінде  белін  көрген,
Жан  едің  әр  қимылың  жеңіл  келген.
Аңсарым  ақ  тамаққа  ауып  кетіп,
Денемді  қытықтайтын  демің  келген.

Түспейді  ғашық  деген  тұзаққа  кім,
Тұзаққа  жараспайды  ұзақ  сарын.
Сан  жылдар  сағындырып  кездескенде,
Келіп  тұр  баяғыдай  құшақтағым.

15.05.2006   

 

Ақ  ару  қарындасым

Сайраған  Иран  бақта  үнің  қандай,
Ұяладың  жаныма  бұлбұл  таңдай.
Таранған  тоты  құстай  құлпырасың,
Көркіңе  тамсанбаған  адам  барма-ай.

Үркердей  таң  алдында  жарқырайсың,
Шөлді  басар  жапанда  бал  қурайсың.
Сыңғырлаған  дауысың  сыбызғыдай,
Сүзіп  алған  дариядан  алтындайсың.

Назымжан  ақ  ару  қарындасым,
Иілді  өнеріңе  үлкен  басым.
Бұлбұл  үнің  ән  жырдың  еркесіндей,
Алтай  мен  Жоңғар  таудың  өркешіндей.

Қалықтасын,  талмасын  тәтті  даусың,
Өнерің  шырқап  биік  арындасын.
Назымжан  ақ  ару  қарындасым,
Табындым  өнеріңе  идім  басым.

18.06.2005

 

Тағдырымның   тәлкегі

Арманым  алыс қол  созамын  жете  алмаймын,
Шыға  алмаймын  темір  есік  кете  алмаймын.
Амалым  жоқ  бостандықтан  айырылған,    
Мен  бір  күнәһар,  жақсымен  сүре  алмаймын

Жан  жүрегім  ауру  қайғы  басқан,
Тобынан  айырылған  мен  адасқан.
Қиын  жолдан  шыға  алмай  қиналамын,
Адасумен  жүрмін  әлі  бала  жастан.

Қиын  екен  жас өмірің  терең  орда,
Амалың  жоқ  жастық  шағың  темір  торда.
Тағдырыңа  түңілесің  жастайыңнан,
Өкінесің  ісіңе  артта  қалған.

Мүмкін  әлі  кінәліміз  өзіміз,
Көрмей  кетеді  кейде  біздің  көзіміз.
Сол  соқырлық  әкеп  тығар  түрмеге,
Байланғандай  ат  секілді  кермеге.

Тағдырыма  не  айтармын  ісі  көп,
Отырған  соң  темір  торда  уақыт  көп.
Басқа  жазса  амалым  не, не  шара,
Өшпейді  ғой  маңдайға  жазған  қап-қара.

Қиялым  менің  асқақтап   орнын   таппайды,
Өмірден  мына  адасып  жолын  таппайды.
Қиналам  ойлап  тағдырымның  тәлкегін,
Санамды  менің  қайғы  басып  қақтайды.

Еске  түсер  ойнағаным, күлгенім.
Асқақтап  бір  бостандықта  жүргенім,
Еске  түсер  сүйіктімді  сүйгенім
Құшағында  ләззатына  күйгенім.

09.03.2006

 

Айлы    түндер

Айлы  түндер  жымыңдаған  жұлдыздар,
Осы  түнде  жылап  тұрған  бір  қыз  бар.
Жас  ағады  ол  сұлудың  көзінен,
Көкірегі  мұңға  толы  қайғы  бар.

Жас  жүрегі  лүпіл  қағып  соғады,
Арманы  оның  қашан  бақыт  болады.
Жас  жүрегін  махаббат  қой  жаулаған,
Жаны  аурып  күрсініп  бір  қояды.

Сағынады  жүрегі  сол  бір  күнді,
Есіне  алып  ғашығын  айлы  түнді.
Қарақаттай  көзінен  жас  тамшылап,
Табалайды  махаббатты  осы   күнді.

23.11.2006

 

Арманым

Таң  ертеңгі  самал  желмен,
Таңғы  шуақ  атып  келген.
Бақытым  боп  жаралдың  ба,
Жүрегіме  ғашық  енген.

Қайырмасы

Сені  ойлап  таңдар  атқан,
Сені  күтіп  кештер  батқан
Қайдасың  сен  арманым.
Ұйықтай  алмай   қиналамын,
Ойлап   сені   мұң  шағамын.
Алыстама   жаным   менің,
Бақытсыз   боп   мен  қаламын.


Қайырмасы


Келші  жаным  жақындашы,
Махаббатты   айқындашы.
Ашып  айтқан  жан  сырымды,
Жүрегіңе  мәңгі   алшы.


Қайырмасы


24.11.2006

 

Көкте  ұшқан  әдемі   аққудайсың

 Көкте  ұшқан  әдемі  аққудайсың,
Басыма  оңдап  келген   бақ  құдайсың.
Тау  басында  мөлдіреген  көк  бұлақтай,
Табиғаттың  жаратқан   ақ  судайсың.

******

Нәзік  даусың  бұлақтай  сыңғырлаған,
Әнге  теңеймін  даусыңды  жырға  салам.
Құлпырасың  Аққудай  ақ  періштем,
Дірілдеймін  сені  көрсем  таңға  қалам.

 ******

Сұлулығың  сөз  жетпес,  тіл  жетпейтін,
Былтыр  көргем,  есімнен  сен  кетпейсің.
Сені  ойлап  жүрегім  сыздайды  кеп,
Жүрегімді  арбаған   шебердейсің.

27.11.2006

 

Өкініш

Өмір  деген  өтіп  барады,  ол  қысқа
Істеген  іс  жоқ, зауқымыз  жоқ  жұмысқа.
Өстіп  жүрсек  өміріміз  не  болмақ
Күтіп  тұр  ғой  онда  бізді  бір  тұзақ

Әрине  бұл,  адам  болғың  келеді
Еңбекақы  қай  біріне  жетеді.
Амалың  жоқ  бармаған  соң  ұрлыққа
Топ   ете  қап  түсеміз  ғой  құрыққа.

21.11.2006

   
Сұлулық

Ой  Алла-ай, адам ба  екен,  ауа  ма  екен,
Жүзінен  шапағат  нұр  жауады  екен.
Қыпша  бел сен  көрмесең  үзілердей,
Назарың  наз  қимылға  ауады  екен.

Әшекей  егіз  сызық  қас  тамаша,
Жарайды-ау  бір  бүлікке  бастамаса.
Сынық  сым,  жарты  шеңбер  кірпіктері,
Керілмес  көз  қиығын  тастамаса.

Құбылып  сиқыр  кербез  күледі  екен,
Жылылық  келбетіне  жүреді  екен.
Қос  жанар  түнде  жанған  қос  шырақтай,
Жарқ  етсе,  жүрек  басын  тіледі  екен.

Екі  иық  сыланыңқы,  майқы  тайпақ,
Құшаққа  шақ  құйылған,  қалдым  байқап.
Ақ  тамақ  тіл  қатардай  бүлк  етеді,
Теңселсе  аққу  мойын  басты  шайқап.

Қалың  шаш  қасақана  төгілгендей,
Қос  анар  қолдан  жатық  егілгендей.
Кіл  таза  мінсіз  нәзік  екі  бетке,
Екі  мең    әдейі  ғана  себілгендей.

Еріндер  еңлік  гүл  жапырағы,
Шәрбатын  ауа  арқылы  татырады.
Қос  балтыр  жолды  кескен  жез  киіктей,
Көз  арбап  ерсіл-қарсыл  қатынады.

Керімсал  құлын  білек,  жайлы  құшақ,
Мазасыз  махаббатқа  сайлы  құшақ.
Сырт  бүтін  ішің  түтін  телміресің,
Қызыққан  Ханшайымға,  жарлыға  ұқсап.

Сұлулық  қайда  мені  жетеледің?
Өзгеден  неге  оғаш  жекеледің.
Қарама  тау  түніндей  тұңғиық  көз,
Тынысым  тоқтап  қалса  нетер  едің?
Жыр  жаздым  көкіректі  бунаған  соң,
Жоқ  жерде  тентек  жүрек  тулаған  соң.

12.08.2005

 

Ақ  періште

Көктемдей  қыс  көрінер  сәт  келіссе,
Жауған  қар  ұқсап  кетер  ақ  жеміске.
Алдыма  құдай  оңдап  келе  қалдың,
Аққудай  алыстағы  ақ  періште.

Қос  қоян  ақ  төсіңде  жүгіреді,
Жаутаңдап  пана  таппай  түңіледі.
Сақта  деп  екі  қолды  жұмсағандай,
Екі  көз  бір  қарауға  үңіледі.

Жорамал  жат  сезімді  жояйыншы,
Қасыңда  бір  күн  жақын  болайыншы.
Еркіме  естен  танған  жібер  мені,
Шөлдеткен  шәрбатыңа  тояйыншы.

Сенікі  ғой  жүрегімде  жанымда,
Өзіңдікі  өзге  айтарлық  барымда.
Естен  танғам  жан  тылсымым  үзіліп,
Шыдатпады  қарағаның  сызылып.
Қара  көз  кірпігіңмен  тұсадың ба,
Екі  аяқ  жарамай  тұр  үш  адымға.

03.09.2005

 

Сен  едің  ғой

Ауыл  жаққа  құстай  ұшып  асығам,
Көрсем  деймін  ақ  қайыңдар  қасынан.
Сен  едің  ғой  ақ  дидары  аңсатып,
Жас  жүрекке  ғашық  әнін  тасыған.

Ажарыңнан  гүлдей  нәзік  балдырған,
Көз  алмаушы  ем  жасап  іштей  жан  құрбан.
Сен  едің  ғой  құштар  етіп  құлшынтып,
Ең  алғашқы  ғашық  отын  жандырған.

Шақырады  артта  қалған  гүл  көктем,
Әсем  кештер,  айлы  таңдар  бірге  өткен.
Сен  едің  ғой  ашық  айтып  жан  сырын,
Мен  білмейтін  ғашық  тілін  үйреткен.

Қиял  екен  сол  ғажайып  бір  күнім,
Асылы  едің  қатар  өскен  құрбының.
Сен  едің  ғой  таң  мезгілде  сайраған,
Ең  алғашқы  мен  естіген  бұлбұлым.

02.11.2005

 

Ғашығым

Сендей  шіркін  сұлулар , мәңгілікке  жаралған,
Кірпіктерің  жалт  қарасаң,  жүрегіме  қадалған.
Қарақаттай  қара  көзің,  жаулап  алған ыстық  сезім
Ақ  ұлпадай ақша  жүзің,  күн  нұрынан  нәр  алған

Махаббатың  жүрегімді  бөлшектетіп  тураған,
Тентек  жүрек  бой  бермейді  тулаған.
Ғашық  деген  қасірет  қой  жазбайтын,
Тұла  бойым, ыстық  сезім,  көкіректі  бунаған.

Қайдан  келдің  ақ  періште  аруым,
Сөйлей  алмай,  неден  екен  қалуым.
Баға  жетпес  сұлулығың  арбайды,
Керек  пе  еді  махаббатқа  жануым.

22.11.2006

 

Махаббат

Өмірде  махаббатсыз  болу  деген   ол  бір  жан    баласына   өте  қиын   жол. Махаббатсыз  өмірдің   мәні   жоқшылық өйткені  ондай  сезімнің  жоқтығы  адам  баласына  жетіспейтін  қасиет.
Алла  тағала  жан  баласын  жаратқанда  сезімтал  етіп  жаратқан  емес  пе, өмірде  неше  түрлі  махаббат  болады.
Шын  махаббат  деген  ол  бір  қиын  қасірет,  ол  өзегіңді  өртеп, жан жүрегіңді  күйдіріп,  адам  баласының  өзгеруіне  әкеп   соғады,  махаббат  деген  ол  бір  қан  сорғыш  сона  секілді,   жүрегіңе  тырнақтарын  батырып  қысып  ұстап   тұрып,  жайлап  инесін   жан  жүрегіңе  қадап  ептеп  қаныңды   сора  беретіндей,  ондай  қиын  іске,  ондай  дертке  төзе  білу  оңай  емес.

 

Сенім  мен  ыстық  сезім

 Бұл  екеуінсіз  махаббат  -  махаббат  емес,  сезімсіз  ыстық  махаббат  қайдан  пайда  болсын,  өйткені  махаббат  деген  ыстық  сезім  емес  пе.  Сенімге  келер  болсақ  біреуді  сүю  үшін -  сүйіспеншілік  үшін   сенім  қажет,  сенімсіз  махаббаттың   берекесі   кетер.

 

Шын  сүю  және  қызғаныш

 Шын  сүйем  сен  үшін  бәріне  де  барам,  өлімге  де  барам  деушілердің  мазасы  тыныш  болмас,  ол  шын  сүйсе  қызғанышы  болады,  қызғанса  сүйгеніне  жатар  бірақ  қызғанышсыз   махаббат   өмір  де  жаратылмаған  секілді.

 

Ғашықтық

Ғашық    болу  адам  баласының  жан  жүрегіндегі  ауруы,  ол  бір  ауыз  толтырып  айталатындай  қасірет  емес,  бұндай  қасіретке  душар  болған  адамның  жан  күйзелісі  бұзылып,  мазасы  болмай  уайымға  берілер,  оның  нені  ойлайтыны  бәріне  мәлім  емес  пе.

26.11.2006

 

Тағдыр

 Өмірді,  адам   баласы  тек   қйыншылығына  кездескенде  ғана  түсіне  бастайды,  оғанға  дейін  жан  баласы  басына   ештеңе  тимей  түк   түсінбес, өмір,  бір  ағып  жатқан  өзен   секілді,  көзді  ашып  жұмғанша  өтеді  де   шығады. Сол   өмірді   дұрыс  сүралмай,  жамандыққа  күйіп,  өзімізді- өзіміз  қор  қылудамыз,  есейген  сайын  өмірдің  азабынан  шыға  алмай  жүргеніміз  мынау,  тағдыр  солай  болды,  маңдайға  жазғаны  осылай  болды,  деп  біз  бәрін  тағдырға  жаба  салуымыз   дұрысқа  шықпайды,  әрине  мүмкін  дүрыста  болар,  бірақ  тереңге  ой  жүгіртсек,  мүлдем  басқа  мәмілеге  келіп  тірелеміз. Өйткені  бұл  өмірде  жан   баласының әрқайсысының  тағдыры  өз  қолында.
Адам   өз  тағдырын  тек  өзі  ғана   түзейді,  өзін-өзі  түзейтін  де  адамның  өзі. Адам  баласы  өмірді  дұрыс  сүру  үшін,  тек  бір  жолмен  ғана  сүре  алады,  ол  жол    Алла-ға   құлдық  ету,  сонда  ғана  адам  тазарады,  түзеледі,  әр  жаман  істен  өзін-өзі   аулақ  ұстайды.  Өмірге  деген  көз  қарасы   дүрыс  бағыт   алады.

27.11.2006

 И  моё  счастье  и  мои  несчастье  привязаны  к  этому   пониманию,  и ко всем  в  какой- то   степени   отвечавшим  и  даже  не  отвечавшим  моему   строгому  вкусу,   ко  всем,  кто  был  рядом  и  в  минуты  радости,  и  в  минуты  горя  я  буду  относиться  с большим  уважением  и  благадарности   до  последних  мгновений  своей  жизни.  Я  с детства  привык    не  отвечать   злом  на  зло,   ведь  злость  какой  бы  праведной  она  ни  была,  раз  угнездившись   в   душе, убивает   всё    чувства, кроме  чувства   мести.  Как  было  трудно,  я  старался  не  дать   мстительности  прорости  во  мне,  ибо  в  этом  случае  я   потерял  бы  несравнимо   больше -  легла  бы  тень  на  чистоту  моей   человеческой   совести.

28.11.2006